Бүгін астанада ауа ластануы күтілуде

Бүгін астанада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайы Қазгидромет.

«2024 жылғы 16 сәуірде түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: pexels.com