Олимпиадалық резерв мектебінде екі оқушы тұтқындалды

Олимпиадалық резерв мектебінде оқушы қайтыс болғаннан кейін екі оқушы тұтқындалды

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебінің тәрбиеленушісі қайтыс болғаннан кейін полиция үш қылмыстық іс қозғады.  Тергеу бұзақылық және адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, тергеуде ұстаздар мен спорт мектебінің басшылығы да бар, оларға өз міндеттерін адал орындамаған деген айып тағылуда. Екі оқушы тұтқындалып, УҰИ-ға орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде облыстық мамандандырылған мектептің оқушысы құлап, есінен танған болатын. Бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.