«Әділдік және Өркендеу» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге өз көмектерін көрсетуде

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлерінің тұрғындарына көмек көрсетуге күш-жігерді шоғырландыру мақсатында барлық облыс өкілдерінің қатысуымен Ахуалдық штаб құрды.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар су тасқынының салдарын азайтуға күш салды. Қордың барлық өкілдігі мемлекеттік органдар, волонтерлік ұйымдар, азаматтық белсенділермен бірлесіп жұмыс істей отырып, елдегі су тасқыны жағдайы нашарлаған кезден бастап тілсіз жауға қарсы іс-қимыл және олардың салдарын барынша азайту жөніндегі жұмысқа белсенді қатысып жатыр.

Сонымен қатар қоғам белсенділері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар үшін жазғы демалысты ұйымдастыру бастамасын қозғады.

Қордың Жетісу облыстық өкілдігінің басшысы Әлия Ахмедиева былай деді: «Облыста балалар үшін табиғаты бай, тамаша демалыс орындары бар. Біз жергілікті атқарушы органдарға да, Оқу-ағарту министрлігіне де су басу аймағындағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар жолдаймыз»

Фотосурет adildik.org.kz сайтындан алынды