Ақтөбеде Есет-Батыр атындағы спорт мектебінің оқушысы қайтыс болды

«Ақтөбеде Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде қайғылы оқиға орын алды: оқушы құлап, есінен танып, кейін қайтыс болды», деп хабарлайды «Диапазон».

Оқиға 11 сәуірде сағат 22.00 шамасында болды. Бексұлтан есімді оқушы сегізінші сынып оқушысы болған. Шұғыл қызметтердің күш-жігеріне қарамастан, ол ауруханаға жетпей жедел жәрдемде қайғылы түрде қайтыс болды. Қазіргі уақытта оның өлімінің себебі зерттелуде. Полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Сондай-ақ, спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты міндеттерге жосықсыз қарау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды»,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.