Шығыс Қазақстанда алғаш рет ауыл мектебі спутниктік интернетке қосылды

Шығыс Қазақстанда облысында алғаш рет ауыл мектебіне «Starlink» спутниктік интернеті қосылды.

Үлкен Нарын ауданының Сенное ауылының жалпы білім беру мектебіне «Starlink» спутниктік интернеті орнатылып, іске қосылды.

ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл өңірдегі 170 мектепке осындай интернет орнатылады деп жоспарланған.

«Дегенмен, сол мектептерге кейін толыққанды ғаламтор желісі жүргізілетін болады. «Starlink» қазірде сапасы жағынан алда тұрған желілердің бірі. Оның жылдамдығы секундына 120 мбит және одан жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның іске қосу жолы да жылдам» делінген ақпаратта.

Фото: Pixabay