Марқакөл ауданы Акжайлау ауылына апарар жол бұзылды

Марқакөл ауданы Акжайлау ауылы Мраморная жолы түсіп кетті. Акжайлау ауылына жол толығымен жабық. Жолдың түсіп кетуі, жол астындағы жердің жылжуы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында трасса учаскесі жабық. Жағдай туралы «Қазавтожол» кезекшілері хабарлады. Жергілікті жерде ШҚО ТЖД мамандары жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері аталған жол учаскесінде кезекшілік ұйымдастырды. Қалпына келтіру жұмыстары үшін ауыр техника тартылды.