Қазақстанда оқулықтардың 100% цифрлық форматқа көшірілді

Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру 100% құрайды, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі. Олар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Онлайн оқулықтар елдің 13 баспасының 11 платформасында әзірленуде.

«Пәндерді оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтардың оларды пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды, саралау мен дараландыруды пайдалана отырып сабақтар өткізеді, сондай-ақ онлайн — ресурстарды пайдалану бойынша білімдерін жақсартады», — деп атап өтті ҚР ПМ білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Сонымен қатар, робототехника, STEM, химия, физика, биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.