Ресейде кәріз станциясын су басты

Новотроицк қаласында су тасығаннан кәріз станциясын су басты. Одан су гараж алабына сорылды

Қала басшысы Денис Меньшиковтың айтуынша, машина залын су басуын болдырмау үшін суды сорып алу туралы шешім қабылданды. Бұл станцияның тоқтауына әкелер еді.

Кеше кәріз сорғы станциясында күрделі жағдай орын алды. Кәрізге асқын су кірді. Біз жедел түрде суды соруға кірістік.
Жалпы, барлық жауапты қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында машина залын су басуды тоқтатып, жұмыс процесін тоқтатпауға мүмкіндік туды.
Бүгінгі таңда станция штаттық режимде жұмыс істейді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түсіру жұмыстары кәріз станциясының айналасында орналасқан гараж алабына жүргізілді. Ондағы көптеген гараждарды онсыз-ақ Жайықтың суы басып еді, оған станциядан су да қосылды.

Олар төгілген судың жағымсыз кәріздік иісі бар екенін айтып, енді олардың мүлкі ылғалды ғана емес, сол «хош иісті» де сіңіреді деп алаңдауда.