Голландиялық ұлы мен Қазақ анасының қайта кездесу сәті ТикТок желісінде тарап жүр

Тиктокта «қазақ анасы голландиялық ұлымен қайта кездесу сәті» тарап жүр.

«Голландиялық Натан біздің отбасымызда бірнеше жыл өмір сүрді. Туған ағамыздай болып кетті. Қазақ тілін үйреніп, домбырада ойнауды үйренді. 10 жыл Қазақстанда тұрды. Содан кейін Голландияға қайта оралды. Осында болашақ жары Эвелинді кездестірді. Олда голландияның азаматы. Осында бүкіл қазақ дәстүрлерін сақтап, кермет той жасады. Голландияға қайта оралып өздерінің ұлт-дәстүрлері бойынша тағы бір той жасады. Қазір олардың үш балдары бар. Үшеуін де қазақша аттармен атады: Берік, Аяна және Сәуле.»,- деп видео авторы өз парақшасында бөлісті.

Сондай-ақ, ол Натанның бұрын тек ана тілінде немесе ағылшын тілінде сөйлейтінін, бірақ анамыз оған қазақ тілін үйреткенін және қазір оның қазақ тілі деңгейі өте жақсы екенін атап өтті.

Толық видеоны астыдағы сілтемеден өтіп көре аласыздар:

https://www.instagram.com/p/C5RFVuZiA2G/?igsh=MWpnejZuaHl2OG1qcQ==