Қайрат Сатыбалды 2 айға қамауға алынды

Қайрат Сатыбалды 2 айға қамауға алынды. Бұл хабарды елордалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеген.

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері 201 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Ozgeris.info порталы