Су тасқыны кезіндегі эвакуацияланған адам саны 97000-ға жуықтады

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі су басу аймақтарынан 96 472 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның үштен бірі — балалар.

«Су тасқыны кезеңінің басынан бері 96 472 адам құтқарылды, оның ішінде 31 640 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала бар»,-делінген ТЖМ-нің Telegram каналында.

2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су алынғаны атап өтілді. Сондай-ақ, 8,5 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді.