Бектенов Петропавлдағы су тасқынымен күресуге барлық күштерді жұмылдыруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және оған жақын орналасқан елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта Сергеевское су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 440 мың м3 су сорылды. 165 шақырымнан астам арық тазартылып, 2,7 шақырым канал кеңейтіліп, тереңдетілді. Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

«Личный состав и Нацгвардия задействованы. Полк тоже будет усилен. Минобороны подключены, поэтому сил должно хватить. Сейчас нужно мобилизоваться. Предстоящие 2-3 дня очень плотно нужно поработать, чтобы не допустить серьёзных разрушений. Важно, чтобы не пострадали люди», — подчеркнул Олжас Бектенов.