ШҚО-да тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кетіп, бір адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кетіп, бір адам көз жұмды. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 93-ші шақырымында болған.

«Тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кеткен. Соның салдарынан жолаушы оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Фото: ШҚО полиция департаменті