Ресейде Жайық өзенінің деңгейі өсіп жатыр

8 сәуір күнгі ақпарат бойынша Орынбор облысында:

  • Түн ішінде Жайық өзенінің көлемі тағы артты. Су деңгейі 8см-ге өсіп, 872см құрады. (Қолайсыз деңгей-760см, және Қауіпті жағдай — 930см болып саналады)
  • Орскіде Жайық өзенінің деңгейі 9см-ге азайып, 963см құрады.
  • Илек ауылында Жайық суының деңгейі 24см өсіп, 890см болды.
  • Бузулук қаласында Самара өзені 40см-ге өсіп, 948см болды.
  • Орск қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Новотроицк қаласын эвакуациялау басталды.