Ресейдің Орынбор өңірін су басты

6 сәуір күні түнде Орскідегі бөгет бұзылып, облыс басшылығы 2.5 мыңнаан астам үй мен 6.8 мыңнан астам шаруашылық учаскелер су басу аймағына түсті деп хабарлаған, ол кезде 4200 адам эвакуацияланды, оның мыңнан астамы балалар.

Орынбордың мэрі Сергей Салмин халықтың облыстан кетуін сұрады: «Жағдай өте қиын!  Бір күннің ішінде Оралдағы(Жайық өзені) су деңгейі 91 см-ге артып, қазір 778 см-ге жетті.  Бұл қазірдің өзінде қолайсыз мәннен жоғары және су көтерілуде, электр және газ беру тоқтатылады.»

Алайда таңда Орск қаласындағы бөгет толығымен құлап, Ақтөбе су қоймасынан келетін су көлемі арта бастады. Орскіде 4 мыңнан астам үй мен 10мыңнан астам адам су басу аймағында қалды.

Екі сағаттан кейін Жайық өзенінің суы 960см-ге дейін көтерілді.

Орскіде опырылған бөгет Жайық өзенінің 5,5 метр деңгейіне есептелген, қазір оның деңгейі 9,6 м, дейді билік өкілдері.

Қазіргі кезде Орынбор облысының басшылығының  айтуынша су астында қалған Орскіде 2 адам қаза тапты.

Бүгінгі күні қалыптасқан Орынбор Орскіндегі су тасқыны жағдайы, мамандардың айтуынша, 100 жылда бір рет болып тұрады.