Қарғалы өзенінің бөгетінде тәулік бойы кезекшілік қойылды

Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева су тасқыны қаупі болуына орай Қарғалы өзенінің бөгетін тексеріп қайтты.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Су деңгейінің көтерілу қаупі де байқалмады. Сондай-ақ, бөгеттерге 24/7 тәртібімен кезекшілік ұйымдастырылды. Тікұшақпен кезекті аэровизуалды тексеру жүргізу жоспарланған», — деп жазды Назира Тоғызбаева.

Фото: baribar.kz