«Неге концерт бересің»: Мақпал Жүнісова сынның астында қалды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова елімізде орын алған су тасқынына асқан алаңдаушылық танытып, халыққа қолдау білдірді. Өнер иесі мұндай жағдайда концерт бергені үшін өзін сынға алғандарға жауап берді.

Мақпал Жүнісова оқырмандарымен байланысқа шығып, елдегі жағдайға қарамастан не себепті концерт беріп жүргенін түсіндірді.

Құрметті халайық, әрбір жерде болып жатқан топан су аяқ астынан айтпай келеді ғой. Соның барлығы тезірек өз шешімін тапса екен. Ел басқарып отырған азамат емеспін. Алдын ала жоспарланған концерттерімді беріп, үйіме қайтып келе жатырмын. Енді концерт жайлы ойларыңызды айтыңыздар. Берме десеңіздер, бермейміз. Билеттер сатылып кетіпті. Маған желіде «неге концерт бересің?» деп жазыпты. Бұл екі ай бұрын жоспарлап қойған концерт қой. Бәрі жақсы болып кетсін, аман болыңыздар», — деді Жүнісова Instagram парақшасында.

фото: әлеуметтік желіден