«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Теміртас Жүсіпов финалға шықты

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов (48 келі) финалға шықты.

Қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалда ресейлік Адам Алиевпен жұдырықтасты. Бірінші раундта ол қарсыласына дәл соққы жұмсап, өзіне соққы дарытпауға тырысы. Одан кейінгі раундтарда қарқынын бәсеңдеткен жоқ.

Есесіне есепте жеңіліп жатқан ресейлік боксшы шабуылға көбірек шығуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Теміртас қарсыласын әдемі күтіп алып, Адам Алиевтің қарқынын бірден басып тастап отырды. Сол арқылы турнирдің финалына жолдама алды.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шықты. Ширек финалда жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.

Фото: olympic.kz