Түркістан облысында 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кетті

Түркістан облысында құдықтың құбырына құлаған 29 жастағы қыз шығарып алынды.

Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлағаны туралы хабар түскен.

Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйінде шығарып алды.

Құтқару жұмысына ТЖД, жедел жәрдем, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.