Ауыл тұрғындары әкім сайлауына қызығушылық танытып отыр – Руслан Желдібай

Елімізде ауыл тұрғындары жергілікті әкімдерді сайлауға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Президенттің Ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай айтты. 

Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай платформасында өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланады. Мәселен, «Азаматтық қоғам» секциясында әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуова жергілікті әкімдерді сайлаудың нәтижесі туралы сұрады.

«Жергілікті жердегі сайлау – біз жүргізген маңызды реформалардың бірі. Соңғы сайлау аудан және ауыл тұрғындарының қызығушылық танытқанын көрсетті. Енді ел азаматтары сайлау процесіне қатысуға тырысып отыр. Олар әкімді өздері таңдап, белгілі бір іс-шаралардың орындалуын сол кісіден сұрайтын болады. Біз сайлау нәтижесіне талдау жүргіземіз. Қазір өңірлерде жергілікті әкімдердің сайлауына қызығушылық жоғары», — деді Руслан Желдібай.

Фото: akorda.kz