Бокстан лицензиялық турнир: Қазақстандық боксшы қыз екінші жеңісіне қол жеткізді

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы екінші айқасын өткізіп, тағы да жеңіске жетті.

Отандасымыз осылайша іріктеу турнирінің 1/8 финалына шықты.

60 келіде ел намысын қорғап жүрген Волосенко екінші жекпе-жегінде венгриялық Петра Сабомен кездескен еді. Бұл сында қазақстандық боксшы қарсыласын еш қыиындықсыз ұтты. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирдің алғашқы айқасында отандасымыз Тринидад Тобаго елінің өкілі Тианна Гуимен кездесіп, төрешілер шешімімен басым түскен болатын.

Бүгін сондай-ақ, 71 келі салмақта Асланбек шымбергенов пен 63,5 келіде Мухаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысып жатыр.

Лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда.

Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.

Фото: Аян Төлеген