Фермерлерді қолдау: несиелерді ұзартуға 136,7 млрд теңге мақұлданды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мемлекеттің фермерлерге қолдау көрсетуі аясында несиелерді ұзартуға АКК желісі бойынша 52,6 млрд теңге және Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша 84,1 млрд теңге мақұлданғаны айтылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. 

Жиында өткен жылдың қорытындысы мен ведомствоның 2024 жылға арналған жоспарлары талқыланды. 2023 жыл ауыл шаруашылығы үшін өте күрделі болғанына қарамастан, еліміздің фермерлері 17 млн тонна дәнді дақылдар, 2,2 млн тонна майлы дақылдар және 5 млн тонна жем-шөп дақылдарын жинады. Жиналған өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ауа райы жағдайынан зардап шеккен фермерлерді қолдаудың бірқатар шараларын қабылдады. 2023 жылы саланы субсидиялауға барлығы шамамен 500 млрд теңге бағытталды, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы бойынша субсидиялар бойынша қарыздарды өтеуге Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлінді.

Шаруалар қарыздарды «Бәйтерек» холдингі мен «Азық-түлік корпорациясының» қаржы институттары арқылы айыппұл санкцияларынсыз ұзартады. Бүгінгі таңда кейінге қалдыруға мақұлданған өтінімдердің жалпы сомасы «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК) және «ҚазАгроФинанс» (ҚАФ) бойынша 52,6 млрд теңгені және Азық-түлік корпорациясы бойынша 84,1 млрд теңгені құрайды.

Сонымен, Үкімет резервінен әділ бағамен 31,3 мың тонна көлемінде бидайды тікелей сатып алуға 350 млрд теңге бөлінді. Бұл астық өндірісін айтарлықтай қолдау.