Шымкенттік келіншек машинада босанып қалды

Патрульдік полиция қызметкерлері жолда босанған әйелді перзентханаға жедел жеткізді.

Қала көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге жүгінген көлік жүргізушісі әйелінің жолда толғағы қысып, машинада босанып қалғанын айтқан.

Патрульдік инспекторлар Нұралы Тәукеев пен Саят Керімбек ана мен баланың медициналық мекемеге кептеліссіз және барынша жылдам жетуіне бар күшін салды.

Көлік сиренасын қосып сүйемелдеп алып жүрді.

Осылайша бірнеше минут ішінде ана мен баланы дәрігерлерге тапсырды.

Бақытты әке өз кезегінде тәртіп сақшыларына уақытылы көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтты.

Жаңа туған сәби отбасының екінші қызы екен.

Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы бірқалыпты.