LRT желісінің құрылысы қай деңгейде жүріп жатыр – Астана әкімінің жауабы

Биыл елордада LRT құрылысының бетон тұрғызу жұмысы аяқталмақ. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«LRT желісінің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Жоба республикалық бюджет есебінен салынуда. Ол үшін 3,75%-бен несие алдық, бұл — өте жақсы пайыз. Займның көлемі шамамен 1 миллиардтан 1,3 -1,4 млрд теңгеге дейін», — деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, елорда әкімі биыл LRT желісінің құрылысына қатысты қандай жұмыстардың аяқталатынын айтты.

«Биыл эстакада бөлігі, яғни бетон тұрғызу жұмысын аяқтауды көздеп отырмыз. Келесі жылы желінің жоғарғы құрылысын бітіру жоспарда бар. Сонымен қатар бүгінде пойыздар мен жабдықтарға тапсырыс беру жұмысы қолға алынды», — дейді шаһар басшысы.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform