Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа қатысты.

Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс күнінің 79 жылдығына арналған әскери парадта болды, сондай-ақ Белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало.