Болатбек Айтбаев «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры болды

Жиырма жылдан астам уақыт бойы жол саласында қызмет еткен Болатбек Қабланбекұлы Айтбаев ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры болып тағайындалды.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Болатбек Қабланбекұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «ҚазЖолҒЗИ» ААҚ Астана қаласындағы филиалында инженер болып бастады.

Б.Айтбаев ұзақ уақыт бойы «ҚазАвтоЖол» жүйесінде басшылық қызметтерде болды.

Фото: «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»