Ерболат Досаевқа шағым айтқан алматылық әйел талып қалды

Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындармен кездесуінде мәселесін айтпақ болған әйел жылып, қобалжып, есінен танып қалды. 

Алматы тұрғыны қала әкіміне оны отбасымен бірге тұрып жатқан үйінен қуып жатқанын айтып шағымданды.

«Рэкеттік жолмен, жалғыз баспанамызды тартып алып жатыр. Көшеде қалдық. Себебі ешқайсысы әділдікті көргісі келмейді. Былтыр 1 наурызда өрт шығып үйіміз өртеніп кетті. Өрт кезінде көрші ғимарат зардап шекті. Міне, барлық техникалық заңбұзушылықпен салынған екі қабатты жатақхананың заңсыздығын растайтын құжаттар бар. Төменде 5 бөлме, жоғарыда 5 бөлме, барлық жерде газ бар, 10 газ нүктесі бар. Негізі екі газ нүктесінен артық салу рұқсат етілмейді. Меншік иесі сотқа жүгінді, судья техникалық бұзушылықтар үшін біздің өтінішімізді қабылдамайды. Жатақхана біздің қоршаудан 76 см қашықта орналасқан. Бөлмелерін су басып кетпесін деп, төбесін біздің үйге қосты. Өрт кезінде бірге өртенді, енді ол 32 млн шығынды өтеуді талап етіп отыр. Бұл бес бөлме емес, бүкіл үйдің құны», — дейді әйел.

Айтуынша, меншік иесі ғимаратын еш жерде тіркемеген. Сонымен қатар ол қолында бір ғана құжаттың, құрылысқа еш қатысы жоқ органдардың қолдары қойылған қабылдау-тапсыру актісі бар екенін жеткізді.

Ерболат Досаев қала құрылысын бақылау басқармасы басшысына жатақхана құрылысының заңдылығын тексеруді, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына өрттің қай жерде және неліктен шыққанын, құрылыс нормалары сақталды ма, жоқ па, соны анықтауды тапсырды.

Өз кезегінде басқарма басышысы жатақхана құрылысында заңбұзушылықтар анықталғанын растады.

«Біз сізге көмектесеміз, сот ісін жүргізуге негіз береміз. Әділет департаментіне өтініш, барлық көшіру әрекеттерін тоқтата тұрыңыз. Біз құдіретті емеспіз, оларға немесе басқаларға тапсырма бере алмаймын. Маған бағынбайтын бөлімдер мен органдар бар. Мен олардан тек сұрай аламын», — деді Ерболат Досаев.