Теміртауда жарылыс болған үйдің астынан бір әйелдің денесі табылды

Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды. 

Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды.

Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады.

Еске сата келейік, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған болатын. Дүкен опырылып, өртенген.