ЕҚДБ Air Astana компаниясының 5 пайыз акциясын сатып алды

Еуропалық қайта құру және даму банкі IPO аясында Air Astana әуе компаниясының 5 пайыз акциясын сатып алды.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі флагмандық қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушының акцияларына 41,99 млн доллар (39,02 млн еуро) инвестиция салып, елдегі акцияларды бастапқы жария орналастыру арқылы жартылай жекешелендіруге қолдау білдірді. ЕҚДБ инвестициясы Air Astana әуе компаниясы акциясының 5 пайыздық топтамасын қамтиды», — делінген банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Фото: Air Astana