Мектеп оқушылары себепсіз сабақтан қалса, ата-анасы айыппұл төлейтіні рас па?

Мектеп оқушылары себепсіз сабақтан қалса, ата-анасы айыппұл төлейді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы. 

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл жалған ақпарат.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдық жоспарланбаған.

«Біз бұл ақпаратты растамаймыз» деді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл қазақстандықтардың жақында отбасылық қатынастарды реттейтін заң жобалары туралы жалған ақпарат таратуы бірінші рет емес. Мәселен, бұған дейін Қазнетте ата-анаға балаларын жазалауға заң жүзінде тыйым салынады. Ал мектеп оқушыларын сабақтан жасырын түрде белгісіз жаққа алып кетеді деген жалған ақпарат тараған болатын.