Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзоваға видео арнады

SuperStar KZ реалити-шоуының қатысушысы әрі финалісі Мөлдір Әуелбекова танымал продюсер, актриса Баян Алагөзоваға арналған видеролигін жариялады.

Өнер иесі бұл видео продюсердің туған күніне арналған сый екенін алға тартып, Меккеде болуына байланысты аздап кешігіп жарық көргенін айтты.

Баян апайдың туған күніне түсіріп үлгермедім. Себебі Меккеде құлшылықта болдым. «Ештен кеш жақсы» демекші, туған күніңізге арнау болсын!

Биыл үлкен сахнаға аяқ басқаныма 20 жыл! Соның 6 жылы, Баян Мақсатқызы, Бағым Мұхитденова, сіздермен өтті. Бәріне рахмет, — деп жазба қалдырды Әуелбекова.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova