Шетелдіктердің бала асырап алу мәселесін құқық қорғау органдары да тексеру керек — Мұрат Әбенов

Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов шетелдіктер асырап алған қазақ балалары жөнінде пікірін білдірді.

«Ол (мәселе) көтерілуі керек, заңдылығын қарауымыз керек. Кезінде мұндай мәселе туындады. Өкінішке қарай, заңсыз әрекеттер де болды. Біздің Қазақстан азаматтарына баланы асырап алуға қиыншылық туындатты, бірақ шетел азаматтарына оңай болды, бір бизнеске айналған уақыттары болды. Оның өз топтары болды. Менің ойымша, тек қана заң арқылы ғана емес, құқық қорғау органдары да мұны зерттеп қарауы керек», — деді М. Әбенов Президенттік орталықта өткен дөңгелек үстел кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Депутат Қазақстанға биологиялық ата-анасын іздеп келген адамға міндетті түрде көмектесу керегін айтты.

«Бұл адамның құқығы. Ол басқа адамдарға жасырын болуы мүмкін, бірақ әр адамға биологиялық өз ата-анасын табуға тек көмектесуіміз керек. Бұл тақырыпты зерттеп қараймыз», — деді ол.

Фото: Айжан Қасымова