Шетелдік автокөлігін тіркеп үлгермегендер не істеу керек – ІІМ жауабы

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелген автокөліктерін тіркеп үлгермеген қазақстандықтарға нұсқаулық ұсынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру өткен жылы қаңтарда қолға алынды. Осы күнге дейін автокөлігін тіркемеген азаматтар, көлігі техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда арнайы төлемдерді жасауы тиіс», — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Министрліктің ақпаратында айтылғандай 304 мыңнан астам шетелдік автокөлік тіркелді. Оның 21 мыңы — автоконструктор. 55 мың автокөлік уақытша есепке алынды.

«Шетелдік автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз», — дейді ведомстводан.

Өзгеріс