«Ұлттық тәрбие, Ұлттық құндылық – ел болашағы»

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ.

Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды.
2023-2024 жаңа оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылып, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.

Біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген Үш құндылықты (Ар-ұят, Талап, Ұлттық) насихаттау мүддені іске асыру барысында 16-Желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай Дәнеш Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп- интернатының сынып тәрбиешілері “Желтоқсан Тәуелсіздіктің ұлы рухы” тақырыбында онкүндік ұйымдастырды. Онкүндіктің басқа іс-шаралардан ерекшелігі тәрбиешілер ұлттық мүддені дәріптеу барысында қазақша киімдер киіп, қазақ үйдің үлгісі құрылып, түрлі экспонаттар қойып, көпшіліктің назарын аударды.

Онкүндік аясында 6-8 сынып тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мен және спорт” тақырыбында Мектеп лигасын Н.Сеитқұлова, С.Джармуханбетова, М.Амангулова, Р.Нұрмұханбетовалар өз деңгейінде өткізді. «Мектеп лигасы» оқушылар үшін өте пайдалы болды. Себебі барлық оқушылар өздерінің спорттық ойынға бейімділіктерін арттыратын, спортқа жақын болуға баулитын, олардың денсаулығына пайдалы лига болды. Сонымен қатар ұйымдастырылған мектеп лигасы оқушылардың бос уақыттарын тиімді, пайдалы өткізулері үшін де керемет іс-шара болды.
16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай Біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген жылдық жоспарға сәйкес онкүндік аясында “Мен өз елімнің ұланымын” тақырыбында әскери АНТ қабылдау іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ешпаев Қуат Нұрғалиұлының ұйымдастыруымен жылдағы дәстүрге сай мектепішілік оқушылардың АНТ қабылдауы ерекше деңгейде өтті. “Болашақ” өзін-өзі басқару ұйымының президенті 9 сынып оқушысы Нұрланхан Динара, “Жас Ұлан” Ұланбасы 8 сынып оқушысы Асан Ердәулет және 10 сынып оқушылары Алғашқы әскери дайындық пәнінен әскери АНТ қабылдады. Игі іс-шараға Талдықорған қаласындағы №21751 әскери бөлімінің оркестрі қатысты. Іс-шараға келген әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимн жанды дауыста шырқалып, Облыстық әдістемелік орталығының әдіскер маманы Қайрат Серікұлы келіп оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Әскери оркестр өздерінің құттықтауларын, оқушыларға деген ыстық ықыластарын тамаша әндерімен жеткізді. Мереке барысында мектеп директоры Әли Солтанбекұлы “Болашақ” өзін-өзі басқару ұйымының президенті 9 сынып оқушысы Нұрланхан Динараға арнайы «Мектеп президенті» куәлігін тапсырды. Салтанатты іс-шара “Атамекен” әнімен аяқталған болатын. Ұйымдастырылған іс-шара оқушыларды патриоттыққа, өз елін жерін құрметтеуге негізделген іс-шара болды.Оқушылардың АНТ қабылдап, өздеріне үлкен жауапкершілікті алуы олардың болашақта жауапкершілігі мол, адал, нағыз патриот болуына ықпал етеді.

Онкүндік барысында Біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген “Кел ойнайық” тақырыбында 9-10-11 сынып тәрбиешілері А.Иманбекова, Д.Игисинова, К.Галиновалар сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Оқушылардың бос уақытында күндерін қызықты өткізу үшін, әрі өз білімдерін тексеріп, көптеген интеллектуалды ойындар өз деңгейінде жүргізілді.

Ойын барысында оқушылар Тәуелсіздік мерекесіне орай қойылған сұрақтарға жауап беріп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Ойын барысында АРТ спорт “Вокал” үйірмесіне қатысатын өнерлі оқушылар өздерінің өнерлерін тарту етті. Тәрбиешілер қазіргі заманауи “Тик-ток” желісіндегі түрлі интеллектуалды ойындарды ойнату арқылы оқушылар мен белсенді жұмыс жасады.

Іс-шарамен қоса түрлі тәрбие сағаттары өтті. 4-сынып тәрбиешісі Халықова Маржан “Көк тудың желбірегені” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.7-сынып тәрбиешісі Амангулова Мейрамгүл “Желтоқсан -Тәуелсіздіктің ұлы рухы” атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
1991 жыл еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.Сол сәттен бері міне 33 жыл да өте шықты. Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ жерінің байлығы,мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі-тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін..

Өткізілген тәрбие сағаттарының оқушыларға ұғындырары көп, себебі 16-желтоқсанның елімізге қандай қиындықпен келгенін айтып,желтоқсан құрбандарын еске алды. Тәрбие сағатында өзіндік жеке жұмыстар мен топтық жұмыстар жасау арқылы шығармашылық мүмкіндіктерін жақсартты. Азаматтық көзқарастарын, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін қалыптастырды. Ең бастысы ызғарлы желтоқсанның еліміз үшін қандай айтулы оқиға болғандықтарын, елімізге тәуелсіздіктің келу жолын қайтадан еске түсірді.

Сынып тәрбиешілерінің ұйымдастырған “Желтоқсан Тәуелсіздіктің ұлы рухы” атты онкүндігінің оқушыларға берері көп болды. Мағыналы іс-шаралар ұйымдастырылды, оқушылардың интеллектуалды ойлау қабілеттерін жақсарту жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, үлкен азамат жеке тұлға болғандықтарын ұғындыратын өте әсерлі іс-шара болды. Сондықтан тәрбиешілер ұйымдастырған онкүндік оқушы үшін де, мұғалім үшін де керемет әрі мағыналы іс-шаралардың бірі деп нақты айта аламыз. Осындай игі-шараға Жетісу облыстық теле арнасынан келген тілшілеріміз ұйымдастырылған іс-шараны «Таңжарық» бағдарламасынан көрермендерге жолдады.

Тәрбиеші: Игисинова Диана Қызылбайқызы