«Екі рет жүзігімді қайтарып берді»: Бүркіт жары Аишамен танысқан кезін еске алды

Танымал жұлдызды жұп, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бүркіт пен Аиша алғаш танысқан кезін айтты. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы “Жақсы адамдарым” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иелерінің шаңырақ көтергендеріне – 14 жыл.

“2008 жылы менің туған күнімде таныстық. Екі рет үйленуге ұсыныс жасағанымда бетімді қайтарып тастады. Содан мен ренжіп шетелге демалуға кетіп қалдым. Кейін үшінші қадам жасаймын деп ойланып жүргенде өзі іздеп келді. Екі жыл қыз бен жігіт болып жүріп, шаңырақ көтердік. Бір көргеннен ұнатқаным рас. Әйел бола алатын, балаларыма ана болуға әбден лайық қыз деп іштей бағаладым. Ол кезде сөз салу үшін түрлі қойылым ұйымдастыру керегін білмейміз. Шар үріп, төбеден жылтырақ шашып, тауға апарып дегендей дүние болған жоқ. Бәрі қарапайым болды. Өзім де ондай іс-әрекеттерді құптамаймын. Бірақ ұсынысымды не үшін қабылдамағанын білмеймін”, – дейді Бүркіт.

Сондай-ақ өнер иесі жарына қымбат сыйлықтар сыйлайтынын да жасырмады.
“Аишаға осы күнге дейін тек қымбат дүниелер сыйладым. Жыл сайын шетелде демаламыз. Оның өзі қыруар ақша. Әшекей бұйыммен бірге техникалар да бердім. Бір жылы гитара мен теледидар алып бердім. 4000 АҚШ долларына ноутбук сыйладым. Айта берсең көп. Бұл кісі де сыйлықсыз қалдырмайды”, – деп ағынан жарылды әнші.

Фото: berkut_aibekjan