«Буындарымнан тер шығып жатыр»: Алтынай Жорабаева быламық тағамының құпиясын бөлісті

Әнші Алтынай Жорабаева босанған әйелдерге арнайы жасалатын быламық тағамының қасиеті туралы айтып берді.

СубһанАллаһ. Кәдімгідей буындарымнан бүршіктеп тер шығып жатыр. Әйтпесе, сүт шайды ыстықтай, 2-3 кесені тоқтамай ішсем де осылай терлемедім. Быламықтың тіске, деснаға пайдасы көп екен. Қазағым — дана халық қой, — деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші артық салмақтан бұрын денсаулыққа көңіл бөлу керегін атап өтті.

Быламықты жеп, фигураң не болады деп жазып жатқандар, дым уайымдамаңыздар. Менің күш жігерім мықты, Аллаға шүкір. Ең бастысы, денсаулық қой. Әр сәтті дұрыс пайдаланып, күтіну керек, — деп жазды әнші.