Петропавлдағы ЖЭО-на жаңа құбыр салуға бір жыл уақыт керек

Фото: kaz.tengrinews
Петропавлдағы ЖЭО-2-де жаңа құбыр салу жұмысы 12-14 айға созылуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Zakon.kz-«ке сілтеме жасап.

ЖЭО-2-дегі апаттан кейін комиссия құрылып, оны Энергетика вице-министрі басқаратын болды. Юрий Ильиннің айтуынша, қазір станцияда үш қазандық жұмыс істеп тұр.

Иелік ететін компания мәселені шешуге әрекеттеніп жатыр. Апаттық құбырды демонтаждау шаралары қолға алынып, жаңа құбыр тарту мәселесі пысықталуда. Олардың айтуынша, құрылыс 12 айдан 14 айға дейін созылады.Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Еске сала кетейік, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де құбыр опырылып, бір адам қайтыс болды. Құбыр 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна. Соңғы рет 2016 жылы жөндеуден өткен.
«ozgeris.info»