Алматыда 300-ден аса модель қыз порнографиялық фильмдерге түскен

Алматыда порнографияны таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың басшысы ұсталды.

Қалалық полиция депортаменті ер адамның порнографиялық материалдарды тарату үшін трансұлттық қылмыстық топ құрғанын мәлім етті. Сондай-ақ 300-ден астам webcam модельдері жұмыс істейтін ірі модельдік агенттіктің қол астында жұмыс істеген.

Алматы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топты құрудың 14 фактісін зерттеп жатыр. Оның төртеуі трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқаруға қатысты.

Операциялық бөлімшенің мәліметінше, жыл басынан бері қылмыстық әрекетпен айналысқан 23 адам құрықталған. Заңсыз айналымнан 52 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 20 тапанша, 4 автомат, 10 бірлік мылтық қаруы, 7 тегіс ұңғылы мылтық, 11 кесілген шолақ мылтықтар, 350-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері кәмелетке толмағандар саудасының 7 фактісін, адам саудасының 1 фактісін тоқтатты.