Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті

Қазақстандық олигарх, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті.

KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды. Бұл шешім бүгін Алматы қаласында өткен KAZENERGY Кеңесінің отырысында қабылданды, – делінген хабарламада.

Бұл ретте қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қараша айынан бастап KAZENERGY компаниясының басшысы болды. Қауымдастықтың өзі 2005 жылдың 2 қарашасында мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында құрылған.

Фото: kaz-news.info