Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы – Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Фото: t.me/KZgovernment