Жас мамандар зияткерлік ойында белсенділік танытты

Маңғыстаулық жас мамандар оқытудан кейін зияткерлік ойын ойнады. Бес топқа бөлінген командаларға логикалық сұрақтар, тарих, әдебиет, спорт және тағы басқа да бағыттағы сұрақтар қойылды. Куиз 7 кезеңнен тұрды, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.

«Куиз жас мамандардың өзара ынтымақтастығын арттыруға, үш күнге созылған оқытудан бір сергіп алуға мүмкіндік берді. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Минут ішінде топпен ақылдасып, дұрыс жауапбын табуға талпындық. Ең бастысы жаңа білім алып, әріптестермен жылы қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушы «Жеті жұрт» қоғамдық бірлестігі мен Алтынгүл ханымға алғысымды білдіремін», — дейді Мұнайлы ауданынан келген мұғалім Әсия Жүсіпбекова.

Тартысқа толы білім сынында «Марс» тобы жүлделі 3-орынды қанжығаға байлады. 2-орынды «Арпа ішінде бір бидай» командасы еншіледі. Ал 1-орынға «7 Zhurt + 1» тобы ие болды. Қатысушылар «7 Жұрт» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаты және сыйлығымен марапатталды.

Еске салайық, интеллектуалды ойын Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «7 Жұрт» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.