Отадан кейін оянған Фариза Төреәлі диагнозы туралы мәлімдеме жасады

Түркияда ота жасатқан Фариза Төреәлі сүйінші жаңалығымен бөлісті. Ол дәрігерлердің диагнозды жоққа шығарғанын айтып, сол сәттегі фотомен бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әлі шок күйіндемін.. бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер.

Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін “соңғы күн” секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат.

Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр!

Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде.. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін.

Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды,» — деді блогер.

Фото авторы: @farizatoreali