Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полициясының бастығы 2 айға қамауға алынды

Талдықорған полиция департаментінің бастығы Марат Көштібаев түрмеге қамалды. Оған 27 жастағы қызды зорлаған деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды, деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.