Алматыда такси қызметі қымбаттап кетті

Алматыда такси қызметі бір жылда 41 пайызға қымбаттады. Бұл ретте Алматы таксимен жолаушыларды тасымалдау саны бойынша көш бастап тұр – қаңтар-наурызда бұл қызмет 2,5 миллион рет пайдаланылған.

Бір жыл ішінде Қазақстанда орташа есеппен такси бағасы 12,3%-ға өсті.

Таксимен жүрудің бір шақырымы қазақстандықтар үшін 0,67 доллар тұрады (300 теңгеден сәл аз). Бұл ТМД елдеріндегі ең үлкен сома.