Израиль Газа секторының босқындарға арналған лагерін бомбалады

Газа секторының солтүстік бөлігінде бомбалаудың салдарынан Джабалия босқындар лагері жойылды. Бұл жөнінде  Al Jazeera арнасы хабарлайды.

Газаның солтүстік бөлігінде жүздеген адам баспанасыз қалды.

«Бұл ғимараттарда жүздеген қала тұрғындары тұрады. Оккупациялық авиация бұл аймақты алты америкалық бомбамен жойды», – деді Газа ІІМ баспасөз хатшысы Ияд Әл-Базум.

Оның айтуынша, 400-ге жуық адам қаза тауып, жараланған. Газа секторындағы Индонезия ауруханасының бас дәрігері әзірге лагерьдің 50 босқыны мерт болғанын хабарлады. Алайда құрбандардың нақты саны әлі де есептелуде.

Бомба Джабалия лагеріндегі 15 үйге зақым келтірді.