«Тель-Авив рейсін жабуды талап етті»: Дағыстанда тұрғындар израильдіктердің келуіне қарсы шығып, әуежайда шу шықты

Дағыстандағы Махачкала әуежайында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Тұрғындар әуежайға келген еврейлердің кетуін талап етті.

Тұрғындар полицияның жүк көліктерінде еврейлердің бар-жоғын тексеріп, шу шығарды. Олар Израильді Палестина халқына зұлымдық жасады деп айыптап, елдің азаматтарына Дағыстанға кіруге тыйым салуды талап еткен.

«Махачкалада көпшілік келген еврейлерді ұстау үшін әуежайға шабуыл жасады. Полиция жағдайға араласпай не болып жатқанын бақылайды. Әуежайдың қызметкерлері наразы қауымнан жасырынып жүр», – деп жазды Илья Варламов.

Қала тұрғындары «Дағыстанда сәбилерді өлтіретін қанішерлерге орын жоқ» деген плакаттармен көшеге шыққан. Соның салдарынан әуежай жабылып қалды.

Тәртіпсіздік барысында қоймалар қиратылып, дүкендер тоналды. Салдарынан 20 адам зардап шеккен, олардың 10-ы ауруханада, екеуі өте ауыр жағдайда. Зардап шеккендердің ішінде полицейлер де, тұрғындар да бар.