Абай облысында бір үйдің төрт баласының өліміне қатысты тергеу басталды

Аягөзде бір үйдің төрт баласының қайтыс болуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қайғылы оқиған 25 қазанда 11:00 шамасында болды. Үйден өрт шығып, бөлмелердің бірінде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрттің жалпы ауданы – 20 шаршы метр. Өрт сөндірушілер төрт баланың денесін тапты.

“Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, кәмелетке толмағандардың абайсызда өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды”, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама тағайындалды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.