Ақордада Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Президент Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

Шара Ақорда резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.