Artsport жобасы аясында «Damu Bala» бағдарламасы

ARTSPORT жобасы аясында «Damu Bala» бағдарламасы жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды <<Өзгеріс>> ақпараттық — сараптамалық порталының тілшісі,Астана қаласының шетінде «Koktal Junior Hall» орталығы «Damu Bala » бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Жер аударған, қала сыртында, жақын ауылдарда тұратын балалар мен жасөспірімдерге қолайлы болу үшін қала шетінде ашылған жалғыз даму орталығы. Бүгінде орталыққа қала тұрғындарынан бөлек қала шетіндегі жақын ауылдардан оқушылар келеді.
Орталық көпбалалы, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын қамту, оларға тегін спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Орталықта актерлік шеберлік, домбыра, ән, би, шахмат, робототехника, қазақ күресі, дзюдо, каратэ, бокс, теннис, гимнастика, мектепке даярлық, бейнелеу және қолөнері үйірмелері бар.