Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі Көкшетауда!

Күйші Құрманғазы бабамыз, күй анасы Дина туған қасиетті өлкеден шыққан өнер ұжымы Көкшетау баурайында «Алаш аманаты» атты концерттік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынады.

Кеште ансамбль жетекшісінің «Алаш аманаты», «Көшпенділер рухы», «Кенесары», «Көктем сазы» сынды авторлық шығармалары және жетекшінің өңдеуіндегі туындылар орындалады. Сонымен қатар, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Бақытбек Сәрсенов өнер көрсетеді.

Жетекшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Бауыржан Ақтай.